ОҚО-да шөп тиелген 10 жүк көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да шөп тиелген 10 жүк көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды

ОҚО-да шөп тиелген 10 жүк көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды

Оқиға 5 шліде шілде күні таңғы 05:30 шамасында орын алған болатын. Белгісіз қаскөй Сайрам ауданы Манкент ауылында 10 бірдей жүк көлігін өртеп жіберіп, оқиға орнынан ізін суытқан еді. Күдіктіні полицейлер тек 10 күннен кейін ғана қолға түсірді.

  • 18 Шiлде 2017
  • 292
Фото - Caravan.kz

Полицейлер анықтағандай, өртенген көліктер бір емес, бірнеше адамға тиесілі болған. Олардың бәріне сатуға арналған шөп тиелген екен. Қаскөй сол шөпті өртеп, тез тұтанған жалын артынша барлық көлікті шарпыған.

Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігімен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою) іс қозғалып, күдіктіні ұстау шаралары жүргізілді. Кейінірек анықталғандай, жәбірленушілерге 9 миллион теңгенің шығыны келтіріліпті.

Күні кеше полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірді. 1990 жылғы азамат азір қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.