ШҚО-дағы алапат дауылда жарақат алған зейнеткер қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-дағы алапат дауылда жарақат алған зейнеткер қайтыс болды

ШҚО-дағы алапат дауылда жарақат алған зейнеткер қайтыс болды

Өскемендегі дауылда зардап шеккен 82 жастағы зейнеткер Шеряздан Исанов көз жұмды. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарат агенттігі хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, Исановтың сүйектері сынған және кеудесі жарақаттанған.

  • 19 Шiлде 2017
  • 340
Фото - Caravan.kz


Еңбек ардагері 17 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында болған қатты дауыл кезінде жарақат алған. Желден бес адам зардап шеккені хабарланған. Дауылдың салдарынан ғимараттар мен автокөліктерге зақым келген. Өскеменде жарнамалық билбордтар, автобус аялдамалары қираған. Желдің жылдамдығы секундына 35 метрге дейін жетті.