Бас прокуратура: Тоқмадидің үйінен қару-жарақ табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура: Тоқмадидің үйінен қару-жарақ табылды

Бас прокуратура: Тоқмадидің үйінен қару-жарақ табылды

Қазақстан бас прокуратурасының хабарлауынша, ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген Мұратхан Тоқмадиге қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.

  • 20 Шiлде 2017
  • 231
Фото - Caravan.kz

"Күдіктінің үйін тінту кезінде қаржы құжаттары, криминалдық қару, оқ-дәрі, жалған құжат және өзге де заттай айғақтар табылды. Азаматтардың арызы мен өтініші бойынша қосымша тергеу жүріп жатыр", — деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Мұратхан Тоқмади 12 маусым күні таңертең Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша ("ірі көлемдегі мүлікті иелену мақсатымен бопсалау") күдікті ретінде ұсталған. Алмалы аудандық соты Тоқмадиді екі ай мерзімге қамауға санкция шығарған.

Ресми мәлімет бойынша, Тоқмади "2005 жылы аты-жөні анықталмаған адамдармен сөз байласып, "Семрюжком" фирмасы мен "КазСтройСтекло" құрылтайшысына күш көрсету арқылы бопса жасап, аталған кәсіпорындардағы жарғылық капиталының үлесін иеленген".

Полиция 12 маусымда "КазСтройСтекло" зауытын
тінтіген
. Зауыт бас директорының орынбасары Людмила Шепелева сол кезде Азаттыққа зауыт аумағында тінту жүргізіліп, компьютерлер мен құжаттар тәркіленгенін хабарлаған. Тоқмадидің жақындары оны кінәсіз деп санайды.