Белсенділер журналист Мамайды абақтыда ұрып-соққанын айтады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белсенділер журналист Мамайды абақтыда ұрып-соққанын айтады

Белсенділер журналист Мамайды абақтыда ұрып-соққанын айтады

Сәрсенбі күні отызға жуық белсенді Алматы прокуроры Ғабит Миразовпен кездесіп, қамаудағы оппозициялық журналист Жанболат Мамайды абақтыда ұрып, соққыға жыққанын естігендерін жеткізген.

  • 20 Шiлде 2017
  • 271
Фото - Caravan.kz

Прокурор Ғабит Миразов Мамайдың шағымы дер кезінде қаралғанын, бірақ кейнірек журналист өзін ұрып-соқты деген шағымын қайтып алғанын хабарлаған.

Кездесуден кейін, белсенділер Алматы прокурорына көңілдері қалғанын айтты. Құқық қорғаушы Ерлан Қалиев "прокурор барлық өтініштерді тек жазбаша өткізуді талап етті, біз қазір осы мәселемен айналысуға кірістік" дейді.

28 жастағы «Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай биылғы жылдың 10 ақпанынан бері қамауда. Ол оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың БТА Банк арқылы сыртқа шығарған қаржысын газет арқылы жылыстырған деп айыпталып отыр. Жанболат Мамай бұл айыптардың бірін де мойындамайды, ол істе саяси астар барын айтады.