Ал Жизак политехникалық институтында қысқа юбка және шорты кигендердің де құжатын қабылдамаған.
"Менің сіңілім Жизак политехникалық институтына құжат тапсырмақ болғанда қысқа юбка кидің деп қабылдамай қойған. Ол тек бесінші мүмкіндігінде ғана құжаттарын тапсыра алды" дейді Жизак тұрғыны.
Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының қызметкерлері қысқа киген талапкерлердің құжаттарын қабылдамай кері қайтарғандарын растады.
Өзбекстанда университетке құжат қабылдау 15 маусым-15 шілде арасында өтеді.