Алматы облысындағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Алматы облысындағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Алматы облысындағы таулы аймақтарда ыстық ауа райына байланысты сел жүруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасап.

  • 25 Шiлде 2017
  • 273
Фото - Caravan.kz


"Алдағы үш тәулікте 26-28 шілде аралығында ауа температурасының жоғарылауына байланысты Алматы облысындағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін", — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болатыны хабарланған болатын. "Республикамыздың оңтүстік жартысында қатты ыстық күтіледі, ауа температурасы 40-45 градусқа дейін жоғарылайды. Ал еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы 27-33, ал кейбір жерлерде 35-38 градусқа дейін жоғарылайды деп күтіледі. Ыстық ауа райына байланысты бірнеше облысқа ескерту жарияланды", — делінген еді синоптиктер жариялаған хабарламада.