Көкшетауда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін

Көкшетауда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін

Тамыз айынан бастап, Көкшетауда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жолаушылар тасымалымен айналысатын компания өкілдері мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 27 Шiлде 2017
  • 199
Фото - Caravan.kz

Брифингте айтылғандай жол жүру ақысын көтеруге облыс орталығындағы автопарктердің шығындарының шамадан тыс көбейіп кетуі себеп болып отырған көрінеді. Осы мақсатта тасымалдаушы компаниялар қала әкімдігіне тарифті көтеру туралы бірнеше рет ұсыныс жасаған. Жақында бұл ұсыныс қалалық мәслихатың кезекті сессиясында қолдау тапқан.

«Жолақы бағасын ересектерге — 80, балаларға — 40 теңгеге дейін өсіруді ұсындық. Өйткені, қазіргі кездегі нарықтағы баға жоғары. Жанар-жағармай, коммуналдық төлемдерді былай қойғанда, автобөлшектердің бағасы едәуір өсті. Оған қоса, жүргізушілердің еңбекақысы бар. Мұның бəрі жол ақысын өсіруге әкеліп отыр. Онысыз болмайды», деп түсіндірді «Көкшетау автобус паркі» ЖШС директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Әсия Шәрімова.

Еске сала кетейік, Көкшетауда 2014 жылдан бері қоғамдық көлікте жол жүру ақысы ересектеге 60 теңге, балаларға 30 теңге болып белгіленген еді.