«ЭКСПО-2017» кезінде мейрамханалар мен қонақ үйлерден екі есе көп салық түскен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ЭКСПО-2017» кезінде мейрамханалар мен қонақ үйлерден екі есе көп салық түскен

«ЭКСПО-2017» кезінде мейрамханалар мен қонақ үйлерден екі есе көп салық түскен

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде қонақ үйлер мен тамақтану орындарынан түскен салық 2,6 есе көбейген. Сонымен қатар

  • 27 Шiлде 2017
  • 281
Фото - Caravan.kz

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде қонақ үйлер мен тамақтану орындарынан түскен салық 2,6 есе көбейген. Сонымен қатар базарлар, сауда орындары, ойын-сауық орталықтарын аралаушылар екі есеге артқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана медиа орталығына сілтеме жасап.

Мәселен, маусым айында қонақ үй, мейрамхана және өзге де тамақтану орындарынан 142,2 млн теңге жиналыпты.

«Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе немесе 89 млн теңгеге артық (2016 жылы маусымда 53,3 млн теңге салық алынған)», — дейді «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директоры Санияр Әйтекенов.

Оның сөзін жалғастырсақ, көрме ашылғаннан кейін сауда, ойын-сауық орындарына келушілер 19 мыңнан 30 мыңға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп деген сөз.


Қазіргі уақытта қалада 9 сауда, ойын-сауық орталығы бар. Базарлардағы сауда-саттық та екі есе ұлғайған. Мәселен, «Шарын» базарындағы сауда 30%-дан 60%, «Шапағат» сауда орталығындағы сауда 40%-дан 80% жеткен. Барлық базарлардағы тұтынушылар өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2-2,5 есе көп.

Сәуір айынан бастап осы күнге дейін Астанада 26 өңірлік ауыл шаруашлығы жәрмеңкесі өтті. Онда 10,6 мың тонна азық-түлік сатылған. Оның 3,2 мың мың тоннасы жеміс-жидек.