Жаркент түбіндегі әуе апатынан кейін ЯК-12 ұшақтарын пайдалану тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаркент түбіндегі әуе апатынан кейін ЯК-12 ұшақтарын пайдалану тоқтатылды

Жаркент түбіндегі әуе апатынан кейін ЯК-12 ұшақтарын пайдалану тоқтатылды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті Алматы облысындағы әуе апатынан кейін ЯК-12 ұшақтарын пайдалануды тоқтату шешімін қабылдады. 

  • 27 Шiлде 2017
  • 359
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу аяқталғанша Қазақстан аумағында ЯК-12 ұшақтарын пайдалану тоқтатылды. Тергеу жұмыстарын көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті жүргізіп жатыр. 

Еске сала кетсек, 27 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, жанып кеткен. Ұшақтың ішінде болған 2 адам қаза тапты. 

Ұшақ авиахимиялық жұмыстарды жүргізіп жүрген.  


ЯК-12 ұшағы "ҚазАвиа" әуе компаниясына тиесілі.