Астана қаласында 14 жасар бала суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қаласында 14 жасар бала суға кетті

Астана қаласында 14 жасар бала суға кетті

Астанада жасөспірім суға батып, мерт болды. 

  • 28 Шiлде 2017
  • 259
Фото - Caravan.kz

Қайғылы жағдай кеше, яғни 27 шілде күні болды. 2003 жылы туған жасөспірім елорданың Есіл ауданына қарасты жеке иеліктегі жағажайлардың бірінде шомылып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш оқиғаны ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов та растады.

Жасөспірімнің денесін Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару отрядының қызметкерлері сағат 17-18-дер шамасында алып шықты.