Головкиннің бапкері Альваресті боқмұрын деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкиннің бапкері Альваресті боқмұрын деп атады

Головкиннің бапкері Альваресті боқмұрын деп атады

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шә

  • 28 Шiлде 2017
  • 542
Фото - Caravan.kz

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің қарсыласы — мексикалық Сауль Альварестің соққысы мықты дегенге күмән келтірді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" — боқмұрын. Ол жылдам комбинация жасайды, бірақ Головкинді өзінен алшақ ұстау үшін шапалақ боп тиетін соққыларынан да артық күш жұмсауы қажет. "Канело" — мықты панчер емес, таяуда ол нағыз панчердің қандай болатынын біледі", — деп мәлімдеді Санчес Yahoo Sports басылымына берген сұхбатында.

Бапкер Головкиннің соңғы жекпе-жекте америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы бар күшін салып жұдырықтаспағанын айтып өтті. Санчестің айтуынша, бұған өз себептері де болған.

"Қалай ойлайсыздар, Головкин рингке көтеріліп, Джейкобсты соққының астына алса, қазір "Канеломен" жекпе-жек болар ма еді? Мен бұлай ойламаймын, сондықтан Оскар Де Ла Хойя (Альварестің промоутері — Авт.) 2018 жылы жұдырықтассын деумен болды. Геннадий Дэнниді нокаутқа түсірсе, бұл жекпе-жегіміз болмай қалар еді. Бұл күлкілі, бірақ Джейкобспен кездесу өткізгеннен кейін Альварестің командасы кенет бізбен жекпе-жек ұйымдастыру туралы айта бастады. Бұл кездейсоқтық дей алмаймын. Бұл орта салмақтағы чемпион мен қолдары жылдам баланың кездесуі. Головкин қашықтықты азайтса және таймингті түсінсе, ол "Канелоны" таптап тастайды деп ойлаймын", — деді Головкиннің бапкері.

Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.