Шымкенттегі сыра зауытының қазіргі қожайындары Төлешовтің бұрынғы қарыздарын төлейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі сыра зауытының қазіргі қожайындары Төлешовтің бұрынғы қарыздарын төлейтін болды

Шымкенттегі сыра зауытының қазіргі қожайындары Төлешовтің бұрынғы қарыздарын төлейтін болды

Шымкентте сот сыра зауытының қазіргі қожайындарына Тоқтар Төлешовтің қарыздарын төлеуді міндеттеді. Еңбекші аудандық соты шығарған шешім

  • 28 Шiлде 2017
  • 382
Фото - Caravan.kz

Шымкентте сот сыра зауытының қазіргі қожайындарына Тоқтар Төлешовтің қарыздарын төлеуді міндеттеді. Еңбекші аудандық соты шығарған шешім бойынша зауыттың бұрынғы иесі мен «Шымкентсыра» ЖШС-ы қарыз беруші Марат Шавалиевке 71 млн 300 мың теңгесін қайтаратын болды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Бұған дейін Марат Шавалиев Еңбекші аудандық сотына Шымкент сыра зауыты мен Тоқтар Төлешовтен бұрынғы қарызын өндіру туралы талап арыз түсірген болатын. Осы іс бойынша қаралған сот отырысында Төлешовтің 2007 жылы Марат Шавалиевтен пайызсыз 100 млн теңге қарыз алған. Кепілге зауытты қойып, қомақты ақшаны 2008 жылдың қыркүйек айында қайтару туралы келісімге қол қойыпты. Кейіннен сол ақшаның тек 30 млн теңгесі ғана қайтарылған болып шықты. Кейіннен тараптар қарызды қайтару бойынша қосымша үш рет келісімшарт жасасқан. Оған сәйкес Төлешов ақшаны 2011 жылдың қаңтар айында, кейіннен 2012 жылдың желтоқсан айында, сондай-ақ 2017 жылдың желтоқсан айында қайтаруға келіскен. Кепілге тағы да зауыт қойылыпты. Алайда, күтпеген жерден Тоқтар Төлешов ҰҚК қызметкерлерімен ұсталып, 21 жылға сотталған. Комитеттің тергеу абақтысында отырған кәсіпкерге Марат Шавалиев қарызды мерзімінен бұрын қайтару жөнінде ескерту жіберіпті. Бірақ ескертуі жауапсыз қалған.

Осыдан кейін талапкер Еңбекші аудандық сотына қарызын өндіру жөнінде арыз түсірген. Сот отырысына сыра зауытының өкілі ретінде Камал Атажанов қатысып, талапкердің уәждерін негізсіз деген болатын. Дегенмен істі қараған сот Марат Шавалиевке қарыздарды Төлешов пен «Шымкентпиво» ЖШС-ы қайтаруы тиіс деп шешім шығарды. Қалай болғанда да қазір Тоқтар Төлешовтың басы соттан арылмай отыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша тергеу абақтысында қамауда отырған ол бұған дейінгі сот үкімі бойынша 21 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтеуі тиіс.


Сондай-ақ аса ірі көлемде экономикалық қылмыстар жасағаны үшін қазір Еңбекші аудандық сотында тағы сот отырысы өтуде. Оның үкімі қай уақытта шығытыны да белгісіз. Бұдан бөлек тағы екі әйелі дүние-мүлкін даулап сотқа талап арыз түсірген. Онсыз да дүние-мүлкі толықтай тәркіленіп алынған бұрынғы кәсіпкер енді Марат Шавалиевке қарызын қалай қайтаратыны да белгісіз.