Танымал журналист Баян Есентаеваны Жазушылар Одағына қабылдаудың пайдасы зор екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал  журналист Баян Есентаеваны Жазушылар Одағына қабылдаудың пайдасы зор екенін айтты

Танымал журналист Баян Есентаеваны Жазушылар Одағына қабылдаудың пайдасы зор екенін айтты

Белгілі журналист Серік Жанболат Жазушылар Одағына пиар үшін Баян Есентаеваны мүшелікке қабылдауды құптады, деп, хабарлайды Caravan.kz м

  • 1 Тамыз 2017
  • 682
Фото - Caravan.kz

Белгілі журналист Серік Жанболат Жазушылар Одағына пиар үшін Баян Есентаеваны мүшелікке қабылдауды құптады, деп, хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында былай деп жазған:

Егер Жазушылар Одағына заманауи пиар керек болса,онда Баян Есентаеваны мүшелікке қабылдағаннан ұтылмайды. Өйткені, заманауи менеджменттің арбасы алға шықты қазір, PR заңдылықтары орып әкетіп барады. Капитализмнің бастауында отырғандағымыз бұл. Теледидардың төріндегі әншілер — соның қарлығаштары ғана. Алда жанталасып пиар қуалайтын күндер келе жатыр. Өйткені, жарнаманың сондай құдыреті бар. Жарнамасы бар адамның кітабын қуалап жүріп оқимыз әлі. Ал, өзін қоғамға қояр да қоймай өткізіп отырған адамның бірі — Баян Есентаева. Нарықтың, базардың көзімен қарасақ, ол — феномен. Ал, капитализм Жазушылар одағын айналып өтеді деген заңдылық жоқ. Қазақ тілі де капитал тіліне айналмаған соң — бейшара күйде. Кім өзінің бойында барды капитал тіліне айналдыра алады, соның сөзі — сөз. Өзі — өтімді тауар. Әрине, менің осы пікірім үшін сіздер мені аямайтындарыңызды білемін. Бірақ, мен мұны Қарл Маркс жазған капиталдың заңдылықтарына сүйеніп айтып отырмын. Мен осыны қалайын, қаламайын, нарықтың қарапайым заңдары менен де, сізден де ештеңені сұрамайды. Кешегі тарихың да керек емес оған. Әдебиет — тауар ол үшін. Бұл дөңгелек бізге дейін де осы механизммен айналған. Солай айналдырады бізді әлі. Қалай бұлқынсақ та біз нарық заңдармен өмір сүруге мәжбүр боламыз.Ал, нарық заңдарын кім жақсы меңгерді, сол алдымызда жүретін болады. Ал, бұл — факт!

Еске сала кетсек, бұған дейін бұл пікірді Махамбет Ерғали айтқан еді.