Ресейдің империя ретінде ыдырайтын күні жақын қалды ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің империя ретінде ыдырайтын күні жақын қалды ма?

Ресейдің империя ретінде ыдырайтын күні жақын қалды ма?

АҚШ-тың Ресейге қатысты қолданып жатқан соңғы санкцияларынан кейін бұл алып елдің империя ретінде ыдырайтыны туралы әңгіме қайта жандана бастады. Ал жалпы мұндай пікірдің айтылып келе жатқанына біраз жыл болғаны мәлім.

  • 2 Тамыз 2017
  • 2356
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы белігілі журналист, "Президент және халық" газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаевтың Фейсбуктегі жазбасын оқырман назарына ұсынады. 

Сонымен кеше Дональд Трамп Ресейге қарсы санкцияларды күшейтетін заңға қол қойыпты! Алдында ғана АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы үш дауыс қарсы болып, 419 дауыс қолдап өткізген жоба Президенттің қол қоюына жіберілгенде орыстар «Трамп бұл заң жобасына қол қоймайтын шығар» деп қатты үміттенген. Ол болса ойланып, толғанып бас қатырған жоқ. Сигнатурасын сүйкеді де салды. Сөйтіп Ресей Федерациясын Иран мен КХДР қатарына апарып қоятын қатаң заң Мәскеу үшін ядролық соққыдан кем болған жоқ. Григорий Явлинский мұны «Путин мен Лавровтың бүкіл сыртқы саясатының күйреуі» деп отыр.

Қазір Ресей айналасындағы күллі көршілерімен қырғиқабақ жағдайда. Балтық жағалауы елдері баяғыда-ақ теріс айналып кеткен. Украинамен соғыс жүріп жатыр. Молдовамен, Гүржістанмен егес таусылар емес. Белоруспен тіл табысу қиындаған. Момақан Қазақстан ештеме шеше алмайды. Орталық Азия елдерімен байланыс Ауғанстаннан төнген қауіпті сейілтуге жараса соның өзі құба құп.

Ресейдің айналасында сенетін күшті досы жоқ. Қытай көмек қолын созбасы анық. ЕО үшін Ресейден гөрі АҚШ маңызды серіктес. Ал АҚШ-тың жаңа заңы ондаған жылдарға созылатын қыл бұрау. Кеңес Одағына салынған санкция 38 жылдан соң әзер алынғанын ұмытпайық. Ресейдің АҚШ-қа қарсы саламыз деген санкциялары түкке тұрмайтын баланың ойынындай нәрсе. Ресей ұлыдержавалық амбициясы мен әсіреұлтшыл шовинизмі салдарынан айналасына шынайы дос жинайтын мүмкіндіктен айырылып қалды. Ресей Солтүстік Корея сияқты бәрі түкіретін жиіркенішті елге айналды.


Жағдайды қалай түзеуге болады? Явлинскийдің ұсынысы: Қырым түбегінің халықаралық-құқықтық жағдайын анықтау үшін халықаралық конференция ұйымдастыру қажет әрі легитимді референдум өткізу маңызды. Екіншіден, Донбаста соғысып жатқан әскерін кері шақырып, Украинамен шекарасын бекітіп, шиеленіс нүктесіне қару-жарақ пен әскери техника жеткізуді тоқтатқаны жөн. Үшіншіден, Ресейдің Сириядағы азамат соғысына қатысуын доғаруы қажет. 

Егер осы үш қадам жасалмаса, Ресейдің соңғы империя ретінде өмір сүруін тоқтататын кезге куә боларымыз анық.

Марат Тоқашбаев