Баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматының Алматы аудандық соты "салафизм" радикалдық діни ағымын ұстанушы ер адамға қатысты қылмыстық істі қараған. Ол "Джабхат ан-нусра" террористік ұйымының қатарында қарулы джихадқа қатысу үшін Қырғызстан және Түркия арқылы Сирияға бармақ болған.
"Сот шемімі бойынша М. ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы 1 тармағы, 257 бабы 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздіктегі мекемесінде өтейтін болады", — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енді.