Қызы Бахрейнде жоғалған ана тікелей эфирде оны тауып беруді сұрап жылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызы Бахрейнде жоғалған ана тікелей эфирде оны тауып беруді сұрап жылады

Қызы Бахрейнде жоғалған ана тікелей эфирде оны тауып беруді сұрап жылады

Бахрейнде ізім-ғайым жоғалған жерлесіміз Тагина Хайтметова жайлы әлі күнге дейін мүлдем хабар жоқ. Табыс табамын деп шетелге аттанып, із-түссіз кеткен 24 жастағы қызды қазір сыртқы істер министрлігі іздестіруде.

  • 3 Тамыз 2017
  • 5163
Фото - Caravan.kz

Ол шілденің 27-сі күні Астанадан Дубайға ұшып, Бахрейнге жеткен. Соңғы рет 29 шілдеде байланысқа шығып, қонақ үйге жұмысқа орналасқанын жеткізген екен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ал Тагинаның анасы тікелей эфирге шығып, қызын тауып беруді сұрап жылады.

"Ешқандай ақпарат жоқ. Бірінші күннен-ақ бірдеңе боларын сездім. Көңіл-күйі болмай тұрды. Бізге ештеңе айтпады. Бахрейнге жетіп алған соң барып, ватсаппен "кешіріңдер" деп жазды. Кімнің көмегімен кеткенін білмеймін. Виктор Иванович деген біреуді айтқан. Полина Григорьевна деген біреу арқылы тауыпты. Сіздерден жалынып сұраймын. Қызымды тауып беріңіздерші" деді Матлюба Ханжанова КТК телеарнасының жүргізушісіне берген тікелей сұхбатында.   


Тагина ХайтметоваТагина Хайтметова