Жүргізуші жігіт тура тротуарда балаларын арбаға салып серуендеп жүрген жас аналардың жолына көлігімен тұрып алған. Ол келіншектер жол береді деп ойласа керек деп жазады Patrul.kz.
Бірақ әйелдер жол бермей, ереже бұзған жүргізушіге ескерту жасайды. Ал біраздан кейін көліктегі жігіт оларды айналып өтіп бара жатып, "Балаларың өліп қалсын" деп айғайлайды.
Бұл оқиғаға қатысты іспен қазір полиция айналысып жатыр.