Әкесі африкалық, шешесі қазақ Амината өзінің қазіргі өмірі туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкесі африкалық, шешесі қазақ Амината өзінің қазіргі өмірі туралы айтты

Әкесі африкалық, шешесі қазақ Амината өзінің қазіргі өмірі туралы айтты

Амината Айша Уэдраого – Түркістанның түбіндегі бір ауылда туып өскен қазақ қызы мен Африкадағы Буркина-Фасо елі азаматының қызы. Оның әкесі кезінде Алматыға оқуға келіпті. Сосын ол қазақ қызына үйленіп, жас жұбайлар Буркина-Фасоның астанасы – Уагадугуге кеткен.

  • 7 Тамыз 2017
  • 3095
Фото - Caravan.kz

Олар 10 жыл бұрын Алматыға оралды, деп жазады Comode.kz.

«10 жыл бұрын біз Алматыдағы алғашқы қара нәсілді балалар болдық. Бізге бәрі қарайтын. Ал қазір бәрі жолға қойылды. Меніңше, бүгінде адамдар мұндайға онша назар аудармайды» дейді Амината.

Амината өте сенімді әрі өзін еркін сезінеді. Енді оның түсіне қатысты ешқандай түйткіл жоқ сияқты. Аминатаның айтуынша, інісі екеуін Буркина-Фасода да жатырқайтындар көп болыпты.

«Ондағылар бізге «ақ адамның баласы» деп қарады. Осындағы «қара» деген сияқты ғой. Анам: «Сендер мулатсыңдар. Өздеріңді жайлы сезінетін жерді ешқашан таппайсыңдар. Сондықтан өз елдеріңді құрыңдар» дейді. Ал мен екі отаным бар деп айтамын. Олар – Қазақстан мен Буркина-Фасо» дейді Амината.