Жантүршігерлік жол апаты 7 тамызға қараған түні болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Атырау-Индер трассасының 165 километрінде жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан.
«Жол көлік апаты түнгі 12-де болған. «Мерседес Бенс» маркалы жеңіл көлік қарама-қарсы жолға шығып кетіп, «МАЗ 544008» жүк көлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан жеңіл көлік отқа оранып, ішіндегі жүргізуші мен екі жолаушы тірідей жанып кеткен», — деп хабарлайды Атырау облысының ІІД баспасөз қызметі.
Жүк көлігінің жүргізушісі БҚО тұрғыны зардап шекпеген.
«Жеңіл көліктің жүргізушісі Атырау облысының тұрғыны екені белгілі болды. Ал қаза тапқан екі жолаушының аты-жөндері анықталып жатыр», — деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.