Қызылордада автокөліктерді заңсыз сатумен айналысқан алаяқтар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада автокөліктерді заңсыз сатумен айналысқан алаяқтар ұсталды

Қызылордада автокөліктерді заңсыз сатумен айналысқан алаяқтар ұсталды

Қызылордалық полицейлер автокөлікті алып-сатумен байланысты алаяқтыққа қатысы бар деген азаматтардың қылмысын әшкереледі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.

  • 8 Тамыз 2017
  • 201
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қызылорда қаласының тұрғыны хабарландыру сайттары арқылы «Audi — A6» маркалы автокөлігі сатылымға қойылғандығын көреді. Автокөлік иесімен кездесіп, екеуіне де қолайлы боларлық бағаға уағдаласып, сұраған 1 млн 630 мың теңгесін қолына ұстатады. Алайда көлік иесі түрлі сылтаулар айтып, көлікті сатып алушының меншігіне заңды түрде ресімдеп беруден қашқақтап жүреді. Біраз уақыт өткеннен кейін көліктің басқа біреуге сатылып кеткендігі белгілі болды. Алаяқтың арбауына түскен қала тұрғыны ішкі істер органдарына шағымданып, 1982 жылы туылған азамат ұсталып, ҚІІБ-ге жеткізілді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Дәл осы тектес алаяқтық фактісі 22 шілдеде тіркеледі. Бұл жағдайда қаңтар айында 1991 жылы туылған азамат «арзан бағаға кепілде тұрған «Toyota Camry — 40» маркалы автокөлігін сатып алып беремін» деп сендіріп, жәбірленушінің 1 560 000 теңге ақшасын алған. Алайда берген уәдесін орындамай, ақшасын заңсыз иемденген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 26 жастағы қала тұрғыны ұсталып, тергеу оқшаулағышына қамалды.


 

Соңғы жаңалықтар