Рыпакова Лондондағы чемпионатта ел қоржынына бірінші медальді салды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рыпакова Лондондағы чемпионатта ел қоржынына бірінші медальді салды

Рыпакова Лондондағы чемпионатта ел қоржынына бірінші медальді салды

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында тұңғыш медальді ел қоржынына салды, - деп хабарлайды Р-Спорт.

  • 8 Тамыз 2017
  • 579
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық жеңілатлет үш қарғып секіруде 14,77 метрге жетіп, қола медаль иеленді. Бірінші орынды Венесуэла спортшысы Юлимар Рохас (14,91 метр) алса, күміс медаль колумбиялық Катрин Ибаргуэнге (14,89) бұйырды.

Айта кетейік, осыған дейін Рыпакованың бір ғана мүмкіндікпен әлем чемпионатының финалына шыққаны хабарланған еді. Ол іріктеу кезеңінде 14,57 метр көрсеткішке жетіп, үздік нәтиже көрсеткен болатын. Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионаты 13 тамызда аяқталады. 
 

Соңғы жаңалықтар