Қайғылы оқиға Іле ауданының Ащыбұлақ ауылында орын алды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, үш жасар бала терезенің алдында ойнап отырып абайсызда екінші қабаттан құлап кетті. Бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды.
Құқық қорғау органдары өз тарапынан дерек бойынша тиісті тексеру жүргізіп жатыр.