Шығыс Қазақстанда зорлықшы жігіт қарындасын жүкті қылып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда зорлықшы жігіт қарындасын жүкті қылып қойды

Шығыс Қазақстанда зорлықшы жігіт қарындасын жүкті қылып қойды

Шығыс Қазақстан облысында 34 жастағы азғын өзінің немере қарындасын жүкті қылып қойды. Қуаныш Мұхтарханов 15 жастағы қызды үш мәрте зорлаған. Ал қыз одан қорыққандықтан, өзінің көрген қорлығын ешкімге айта алмапты. Сондықтан ата-анасы бұл сұмдықты оның жүктілігінің алтыншы айында бір-ақ білген.

  • 9 Тамыз 2017
  • 12132
Фото - Caravan.kz

Енді олар кәмелет жасына толмаған баланы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген азаматты екі жылға ғана бас бостандығынан айырған сот үкімімен келіспейді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Биыл ғана 9-шы сыныпты бітірген Айгүлдің босануға ай-күні жақын. Ең сорақысы, құрсағындағы сәбидің әкесі, өзге емес, өзінің немере ағасы. Ол алғаш зорлық көретін күні апасының үйіне қолғабыс жасау үшін барған. Ал ағасымақ кейіп танытқан азғынның жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтіні үш ұйықтаса да баланың түсіне кірмеген.

"Сағат онның  кезі болатын. Барлығы жатып қалды. Үлкен адамдар болған соң ерте жатады ғой. Мен сабақ қарап отырғанмын" дейді Айгүл.

Осылайша, Қуаныш айғай-шуды ешкім естімейтін ас үйде арам ойын іске асырған. Артынша, қарындасына «болған жағдай туралы тіс жарсаң, жақсылық күтпе» деп сес көрсетіпті. Ал одан қорыққан қыз көрген қорлығын жақындарынан жасырып келген. Сондықтан ата- анасы да қыздарының күннен- күнге толып келе жатқанын жасөспірімдік өтпелі кезеңмен байланыстырып жүре берген. Тек 15 жастағы баласының жүкті екенін дәрігерлерден естігендерін айтып отыр.

"Баланы алғызайық десек, оның жүрек қағысы дамып қойған. Ешқандай алғызуға болмайды. Оны алсандар, өз балаларыңа қауіп төніп тұр деді дәрігер" дейді Айгүлдің анасы Райгүл Есбосынова.

Әкесі Нұржан Сіләмбаев ағасынан туған жалғыз бауырының озбырлығына әлі де сене алмайды. Тіпті ол қол жұмсауға да дәті бармай, істі сотқа берген екен. Бірақ қыздың ата-анасы судья барлығын бұрмалап жіберді дейді. Өйткені, бар жоғы екі жылға ғана бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ, моральдық өтемақы ретінде 800 мың теңге төлеуді міндеттепті.


"Соттың шешіміне мен риза емеспін. Жеңілдік берді. Мысалы, біреуге қол жұмсасаңыз екі жылға кетесіз. Бізде, кәмілеттіке толмаған 14 пен 16 жастағы баламен жыныстық қатынасқа түсу деген заң бар. Мынау онымен де кетпей отыр" дейді Айгүлдің әкесі Нұржан Сіләмбаев.

Істі жабық жағдайда қараған судья жәбірленуші тарап үкіммен келіспесе, прокуратураға 15 күнің ішінде арыз түсіре алатынын айтты. Ал әділдік іздеген Айгүлдің ата-анасы құзырлы органдардың істі басынан бастап қайтадан қарауын сұрап отыр. Олар қыздарын балалық өмірмен ерте қоштастырған азғынға қатаң үкім кесілгенін қалайды.