Бұл қызықты оқиғаны taraz_life инстаграм желісінің қолданушысы өз парақшасына жүктепті.
Жас жігіт тұрғын үйдің қабырғасына сүйіктісінің суреті салынған, астына "Жаным кешір мені" деп жазылған үлкен баннерді іліп қойған.
Желі қолданушылары жігіттің бұл әрекетіне түрлі пікір білдіріп жатыр. "Алладан кешірім сұра одан да. Қатыннан сұрағанша. Бүгин сен одан кешірімді осылай сұрасаң, ертең ол сенің басыңа шығып алады. Алла кешіруші, естуші, білуші", "Молодец. Нагыз еркек", "Қазіргі жігіттер не болып бара жатыр? Норма бар ғой қанша жақсы көрем дегенмен", "Керемет! Нағыз Төлеген" — деген сынды.