Ауғанстан: ИМ және "Талибан" содырларының қолына түскен 235 тұтқын босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстан: ИМ және "Талибан" содырларының қолына түскен 235 тұтқын босатылды

Ауғанстан: ИМ және "Талибан" содырларының қолына түскен 235 тұтқын босатылды

"Талибан" содырлары Ауғанстанның солтүстігінде шалғайдағы ауылда кепілге алынған 235 тұтқынды босатты. Мұнда 8 тамызда 50 бейбіт тұрғын өлтірілген.

  • 9 Тамыз 2017
  • 246
Фото - Caravan.kz

8 тамызда кешкісін "235 адам, соның ішінде балалар мен әйелдер босатылды. Оларға ақсақалдар мен провинция шенеуніктері араша түсті", — деп хабарлады провинция губернаторының ресми өкілі Забиулла Амани AFP ақпарат агенттігіне. "Олар Сари-Пуль қаласына аман-есен жеткізілді", — деді Амани.

Арнайы қызметтегі дереккөздің AFP агенттігіне хабарлауынша, Мирза Оланда шамамен 100 шақты адамды кепілде ұстап отыр. Бұл ауыл өткен демалыс күндері содырлар басып алған Сари-Пуль ауданында орналасқан.

Жергілікті шенеуніктердің мәліметі бойынша, "Талибан" мен "Ислам мемлекеті" содырлары бірлесіп жасаған шабуылдан бұл ауылдың 50-ге жуық тұрғыны қаза тапты. Содырлар мен жергілікті үкімет жасағы екі тәулік бойы соғысты. Содырлар шамамен 150 отбасыны кепілге алған.