Бүгін Алматыда жергілікті уақытпен таңғы сағат 9-дан 12 минут кеткенде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді.
"Хабар-24" арнасының мәлметіне қарағанда дүмпу ошағы шаһардан оңтүстік-батысқа қарай 139 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы MPV 4.2, тереңдігі – 5 шақырым.
Естеріңізде болса осыдан бірнеше күннің алдында Қытайда орын алған жер сілкінісі еліміздің бірқатар аймақтарында білінген болатын.