«Елорда даму» ЖШС салынған объектілердегі тұрғын үй «Астана қаласының тұрғын үй басқармасы» ММ жасалынған шарттың негізінде бұзылуы тиіс апатты үйлердің меншік иелеріне ғана беріледі, сонымен қатар Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 25/3 үй мекенжайы бойынша орналасқан кәсіпорынның сату бөлімінде тікелей алына алады.
«Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін Астана қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарға «Елорда даму» ЖШС объектілерінен пәтерлер берілмейді. Абай болыңыздар, алаяқтарға сенбеңіздер!», — делінген әкімдік таратқан хабарламада.