Головкин мен "Канелоның" допинг сынамасының қорытындысы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин мен "Канелоның" допинг сынамасының қорытындысы жарияланды

Головкин мен "Канелоның" допинг сынамасының қорытындысы жарияланды

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жек алдынды допинг тексерістен өтті, деп жазады vesti.kz. 

  • 17 Тамыз 2017
  • 532
Фото - Caravan.kz

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBC)  президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, екі боксшының қанынан да рұқсат етілмеген дәрумен табылмаған. 

"WBC VADA-дан Геннадий Головкин, Сауль Альварес, Роман Гонсалес және Брайан Вилориилердің алдын-ала нәтижесін алды. Оның қорытындысы бойынша боксшылардың қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылмаған", — деп жазған Сулейман өзінің твиттер парақшасында. 

Еске салайық, екі боксшы арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды.