Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды

[wpcode id="1694287"] ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты оқиғаның мән-жайын айтып бе

  • 25 Тамыз 2017
  • 369
Фото - Caravan.kz


ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитетке сілтеме жасап.

Кіші авиацияның жеке ұшағы "Олжа Бастау" ЖШС-на тиесілі екені белгілі болды. "Ұшақ бортында екі адам болды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері барды. Ұшқыш қаза болды. Ал зардап шеккен ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", — деп хабарлады Азаматтық авиация комитетіндегілер. Комитеттегілердің айтуынша, оқиға Алматы облысы Жиделі елді мекенінің солтүстік-шығысынан 20 шақырым жерде болған. АҚШ-тың МAULE М-7-260С ұшағы құлаған. "Олжа Бастау" ЖШС-та ҚР Индустриялар және даму министрілігі Азаматтық авиация комитетінің куәлігі жоқ. "Олжа Бастау" барлығына ортақ авиацияға тиесілі, Азаматтық авиация комитетінде тіркеуде тұр. ҚР ИДМ-нің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті осы дерек бойынша тергеу жүргізеді", — делінген хабарламада. Ұшақтың құлағаны жайлы мәліметті Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Азамат Жұртбаев растады. Оның айтуынша, өрт шыққан жоқ.
.