Астанада әйел мен бір жасар бала 12-қабаттан құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әйел мен бір жасар бала 12-қабаттан құлап кетті

Астанада әйел мен бір жасар бала 12-қабаттан құлап кетті

Астанада 12-қабаттан әйел мен бір жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне с

  • 25 Тамыз 2017
  • 399
Фото - Caravan.kz

Астанада 12-қабаттан әйел мен бір жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әйел мен бір жасар баланың құлауына байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 1976 жылы туған әйел мен 2016 жылғы бала Астана қаласы Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің 12-ші қабатынан құлап кеткен», — деді ІІД өкілдері.

Полицияның хабарлауынша, әйел сол жерде көз жұмған. Бірнеше жерден жарақат алған сәби балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.