Фируза Шарипова екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фируза Шарипова екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді

Фируза Шарипова екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова Астанада болгар қызы Милена Колеваны жеңіп, екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 27 Тамыз 2017
  • 453
Фото - Caravan.kz

Бірінші раундтан бастап Фируза қарсыласын бұрыштан-бұрышқа тықсырып, белсенділігін байқатты. Болгар қызы қорғаныста жұдырықтасып, сәті түскенде ғана шабуылдаумен болды. Раунд сайын қарқынын арттыра түскен отандасымыз дөп соққыларымен алға оза түсті. Милена Колева да тәжірибелі екенін байқатты.

Екі бірдей чемпиондық атақ сарапқа салынатын жекпе-жекке дайындалып келгені көзге ұрды. Фируза 8 раунд бойы соққы жасап баққанмен, Милена жекпе-жек соңына дейін шыдап бақты. Дегенмен кездесуде отандасымыз айқын басымдығын танытты. Төрешілердің барлығы Фирузаны жеңімпаз ретінде таныды.

Милена Колеваны жеңген Фируза Шарипова WIBA және WBU нұсқалары бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізді. Мен қолдауға келген баршаларыңызға алғысымды білдіремін. Жаттықтырушыларым мен ата-анама рақметімді айтамын. Бұл жеңіске үлкен еңбектің арқасында қол жеткіздік. Командама рақмет. Алға, Қазақстан, — деді боксшы.


 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера