EXPO-ға келген британдық турист Қазақстанның басқа қалаларын көру үшін қайта оралмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
EXPO-ға келген британдық турист Қазақстанның басқа қалаларын көру үшін қайта оралмақшы

EXPO-ға келген британдық турист Қазақстанның басқа қалаларын көру үшін қайта оралмақшы

ЕХРО 2017 көрмесінің аяқталуына аз ғана уақыт қалса да, шетелдік туристер Астанаға әлі де келіп жатыр.

  • 27 Тамыз 2017
  • 258
Фото - Caravan.kz

Шараға қатысқан британиялықтардың көрген-білгендеріне таңырқағандары соншалық, Қазақстанның басқа да қалаларын тамашалау үшін қайта оралғылары бар, — деп хабарлайды 24.kz

Зохиб Мухаммад Астанадағы ЕХРО 2017 көрмесіне Уорик университетінде бірге оқып жатқан қазақстандық досы Мирас Нұрәліұлының шақыруымен келген. Зохиб бастапқыда көрген дүниелеріне таң-тамаша болатындығына сенбегендігін айтады. «Астанаға келісімен-ақ заманауи керемет ғимараттарға тәнті болдым», – дейді ол.

Зохиб Мухаммад, турист: – Мен көптеген павильондарда болдым. Әсіресе Германия есімде сақталды. Басқа елдер де жаңғырмалы энергияға қатысты бастамалары арқылы ерекшеленіп тұрды. Сондай-ақ осы бағытта не істеліп жатқанын білу үшін қазақстандық павильонды да көргім келді. Мен шынымен де алдағы уақытта Қазақстанға қайта оралғым келеді.