Жас қыздарды өлтірген маньяк өзіне үкім оқылғаннан кейін шапалақ ұрды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас қыздарды өлтірген маньяк өзіне үкім оқылғаннан кейін шапалақ ұрды

Жас қыздарды өлтірген маньяк өзіне үкім оқылғаннан кейін шапалақ ұрды

Ғаламторда кезекті сұмдық видео пайда болды. Онда кілең жас қыздарды өлтірген маньяк өзіне үкім оқылғаннан кейін еш шімірікпестен шапалақ ұрып тұрады.

  • 28 Тамыз 2017
  • 10952
Фото - Caravan.kz

Камерон Уилсон өмір бойы төрт мерзімге және 71 жылға сотталды, деп хабарлайды Mirror.

Ол соңғы рет Лекита Мур деген 18 жасар қызды өлтірген. Оның жалаңаш денесі саябақтан табылыпты. Камерон қызды алдымен зорлап, сосын 98 рет пышақ ұрған. 21 жастағы қанішер тағы төрт адамды өлтіріп үлгеріпті. Ал үшеуі құтылып кеткен.

Камеронның шабуылынан кейін аман қалған қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Сол күні Плэтжис Эбигейл 16 жастағы құрбысы — Стейси Мохалемен бірге үйге қайтып келе жатыпты. Камерон оларды тапаншамен қорқытқан. Ол Стейсиді зорлап, сосын оның денесін өртеп жіберген. Ал Плэтжис қашып құтылыпты.