30 тамызда қазақстандықтар жұмыс істемейді, себебі бұл күні — ҚР Конституция күні, ол сәрсенбіге түседі. Ал 31 тамыз — жұмыс күні. Ары қарай тағы бір мерекелік күн — 1 қыркүйек. Күздің бірінші күнінде қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін тойлауды бастайды. Ал 2 және 3 қыркүйек қарапайым демалыс күндері — сенбі және жексенбі.
Еске салайық, 2017 жылы мерекелік күнге байланысты демалыс күндерін ауыстыру тек Наурыз бен Астана күніне ғана өзгертілді. 1 қыркүйекте Қазақстан халқы дәстүрлі түрде Білім күнін тойлайды, алайда бұл күн ресми түрде демалыс күні болып тағайындалмаған.