Головкин бокспен қашан қоштасатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин  бокспен қашан қоштасатынын айтты

Головкин бокспен қашан қоштасатынын айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин медиа-конференцияда кәсіби мансабын шамамен қашан аяқтауы мүмкін екені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz.

  • 31 Тамыз 2017
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Дәл қазір өз бабымда екенімді сезінемін. 25 пен 35 жас арасындағы айырмашылық аса байқалмайды. Мен қазір де дәл бұрынғыдай күнде жаттығу жасаймын. Спаррингтерім де дәл бұрынғыдай, жылдамдық пен күш бабында да ештеңе жоғалтпағанмын. Өзімді тура 10 жыл бұрынғыдай сезінемін. Жасым 35-те болса да, 25 жастаймын. Іштей «Канелодан» да жас сезінетін шығармын. Иә, 40-тарға дейін [аяқтармын], әлі бес жыл бар. Бұл — бокс. Мұндағы әрбір күн қиын әрі қауіпті. Ал қазір өзімді жап-жақсы сезінемін. Бәрі ойдағыдай. Сондықтан, мүмкін, тағы да бес жыл жұдырықтасатын шығармын», — деп атап өтті Геннадий Головкин.