Алаяқтығы үшін сотталған Сандуғаш Жұмабектің жағдайына әлеуметтік желідегі достары алаңдаулы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алаяқтығы үшін сотталған Сандуғаш Жұмабектің жағдайына әлеуметтік желідегі достары алаңдаулы

Алаяқтығы үшін сотталған Сандуғаш Жұмабектің жағдайына әлеуметтік желідегі достары алаңдаулы

Бір айдай бұрын алаяқтығы үшін сотталып кеткен Сандуғаш Жұмабектің жағдайына әлеуметтік желідегі достары алаңдаушылық білдіріп жатыр.

  • 3 Қыркүйек 2017
  • 7631
Фото - Caravan.kz

Белгілі жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы өзінің Фейсбуктегі парақшасына ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Онда осынау Құрбан айт күнінде Сандуғаш Жұмабекке кешірім білдіріп, хал-жағдайын сұрау керектігі туралы айтылған.

"Сандуғашты іздеп, артынан барған қыз-келіншектер бар ма екен осы ФБ деген "елде". "Лайк" басатын достары, меніңше, өте көп болатын. Сол достарына "Құрбан айтта кешірім беру де қазақы қасиетіміздің бірі, артынан іздеп барып, хал-жағдайын сұрап қайтсаңдаршы" дегім кеп отыр.
Халі нешік боп жатыр екен? О жақта сенсорлы соткаға рұқсат етпейтін болу керек, әйтпесе өзі-ақ хат-хабарын жазып тұрар еді. Айтпақшы, құда-құдағилары, қыздары, күйеу балалары артынан барып тұра ма екен өзі?..

P.S. "Жұма мүбәрәк болсын!", "Құрбан айт құтты болсын!" деген құр сөзден гөрі, барып, көріп қайтқан адамға сауап жазылатын иманды іске шақырайын деген ниет қой" деп жазыпты К.Сәттібайұлы.


Естеріңізге салсақ, ФБ-да танымал болған Сандуғаш Жұмабек биыл 7 тамызда алаяқтығы үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған еді.