Куәгерлердің айтуынша, жаяу жүргінші рұқсат етілмеген учаскеде жолды кесіп өтпек болыпты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға Алматыдан жиырма шақырым қашықтықта болған.
Тойота көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні көрмей қалғанын айтады. 1969 жылы дүниеге келген әйел адам оқиға орнында қаза тапты.