Тараптар Солтүстік Корея 3 қыркүйекте жүзеге асырған ядролық сынақты талқылаған болатын, деп хабарлайды РИА Новости.
"Президент Трамп АҚШ-тың өз аумағы мен одақтастарын қорғауға міндеттілігін атап өтіп, дипломатиялық амал-шараларды, қарапайым және ядролық мүмкіндіктерді қолданатын растады", — делінген Ақ үйдің баспасөз хабарламасында.
Жексенбі күні Солтүстік Корея сутегі жарылғыш затының сәтті түрде сынақтан өткізілгенін мәлімдеді. Сынақты өткізуге Солтүстік Корея мемлекеттік басшысы Ким Чен Ын бұйрық берген.