Павлодар прокурорлары алты жасар баланың соққыға жығылуы туралы істі тергеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар прокурорлары алты жасар баланың соққыға жығылуы туралы істі тергеуде

Павлодар прокурорлары алты жасар баланың соққыға жығылуы туралы істі тергеуде

Павлодар прокуратурасы ер адамның алты жасар балаға дене жарақатын салуы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізуде, деп хабарлайды қала прокуратурасының аға прокуроры Гүлмира Қажиева Sputnik Қазақстан агенттігіне.

  • 5 Қыркүйек 2017
  • 185
Фото - Caravan.kz

Алты жасар Савелий мен он жасар ағасы және қатарлас досы айтқандай, балалар тұрғын үйлердің бірінің подъезінде болады, сол кезде мас ер адам кіріп келеді. Ол кішкентай Савелийді мойнынан көтеріп, өзінің бойындай биіктен бетон еденге тастап жіберген. Ағасы Савелийді үйге алып келіп, анасына хабарласады, анасы жедел жәрдем шақырған. Ауруханада баланың бетіндегі гематомадан қанды сорып алған.

Қырық жастағы бұзақы Павлодарға Баянауылдан әпкесінің үйіне қонаққа келіпті. Ол төрт рет сотталған, үш рет ұрлық жасап, бір рет полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен.

Соған қарамастан полиция баланы ұрған қатыгез жігітке түсіністік танытқан секілді. 


"Баланың дене жарақаты жеңіл болса, күдікті әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл бап бойынша айыппұл салынып немесе алпыс күнге дейін қамауға алынады", — деп мәлімдеді ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Бұл шешім әлеуметтік желіде халықтың наразылығын тудырды.

Белгілі адвокат Джохар Өтебековтің айтуынша, бұл әрекет қылмыстық жазаланатын бұзақылық бабы бойынша қаралуы тиіс.