Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы спарринге куә болған The Ring журналының редакторы және белгілі бокс шолушысы Дуглас Фишер 16 қыркүйектегі жекпе-жек немен аяқталарына болжам жасады.
"Меніңше, жекпе-жек толық он екі раунд болады. Головкиннің иегі мықты, Аольварес — жас, соққыдан қалай қорғануды біледі. "Канелоның" да иегі мықты, оның үстіне Головкиннің қорғанысына дұрыс баға берілмеген.
"Канело" жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтайды деген болжамды ессіздік деп санамаймын, бірақ, бұған өзім де сенбеймін. Лас-Вегастағы төрешілікті ескере отырсақ, "Канело" да жекпе-жектің толық он екі раунд болуына қарсы емес", — дейді Фишер Ring TV сайтындағы оқырмамынына.
Мұның алдында Boxingnews24.com сайтының журналисті Алден Чодаш Голвкин — Альварес жекпе-жегі немен аяқталарына қатысты бес болжам айтқан. Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.