Серік Ахметовтің жазасын жеңілдету туралы өтініші қанағаттандырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ахметовтің жазасын жеңілдету туралы өтініші қанағаттандырылды

Серік Ахметовтің жазасын жеңілдету туралы өтініші қанағаттандырылды

Қарағанды облысы Абай аудандық соты елдің бұрынғы Премьер-Министрі Серік Ахметовтің бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеу жазасына алмастыру туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

  • 6 Қыркүйек 2017
  • 255
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына (жаңа редакцияда) сәйкес, сотталушы қылмыстық әрекеті салдарынан келген шығынды толық қайтарған жағдайда әрі оған белгіленген бас бостандығынан айыру мерзімінің кемі үштен бірін өтеген болса, сот оның қалған бөлігін әуелгі жазалау түрінен жеңілірек жазаға ауыстыра алады.

Шешімді шығарарда сот прокурор мен қылмыстық-атқару органы әкімшілігінің де ұстанымын ескерді. Бас бостандығынан айыру орнында Серік Ахметов өзін үлгі боларлықтай тәртібі арқылы жақсы қырынан көрсете білді. Ол ішкі тәртіптің барлық талаптарын орындап, колонияның қоғамдық өміріне белсенді түрде атсалысты. Одан бөлек Серік Ахметов өз әрекеті салдарынан мемлекетке келтірілген барлық шығынды қайтарған.

Осыларды ескере отырып, сот бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін жазаның жеңіл түрі — пробациялық бақылау орната отырып бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы қаулы шығарды.


Сот қаулысы 2017 жылдың 21 қыркүйегі күні заңдық күшіне енеді.