Дана Нұржігіт бірінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дана Нұржігіт бірінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтып берді

Дана Нұржігіт бірінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтып берді

Бұл туралы “Қазақ радиосында” айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Бірінші отбасыммен қандай жағдайда ажырап, қандай жағдайда жаңа өмір бастағанымды еш жерде айтқан жоқ едім. Оның себептерін айтқым да келмейді. Өйткені, әңгімесі біткен жұбайлардың сол қазаны жабулы болса екен дегім келеді. Ол өмірдің бір мектебі болды.

  • 7 Қыркүйек 2017
  • 7821
Фото - Caravan.kz


“Бірінші отбасыммен қандай жағдайда ажырап, қандай жағдайда жаңа өмір бастағанымды еш жерде айтқан жоқ едім. Оның себептерін айтқым да келмейді. Өйткені, әңгімесі біткен жұбайлардың сол қазаны жабулы болса екен дегім келеді. Ол өмірдің бір мектебі болды. Оған мен өкінбеймін. Ол отбасында бір-бірімізге береріміз де, бір-бірімізден аларымыз да болды. Бірақ, әңгіме бітті. Әңгімесі таусылған жұбайлар болғандықтан, ол тақырыпты қозғағым да келмейді.

Астанаға ат құйрығын шорт кесіп келгенімнің себебі де осы болды. Өйткені, Алматыда ештеңе ұстаған жоқ бұдан кейін. Мен ол кезде хабар арнасынан кетіп қалдым. Отбасылық, құдалық сынды институттар адам өмірінде бекер табылған институттар емес. Адам өзі мен ортасы үшін есеп беруі керек. “Мен кіммін? Қазір қайда келіп тіреліп отырмын? Қай нүктеге жетіп отырмын?” деген сұраққа жауапты бір күні көзі ашылып көруі керек екен”, – дейді Дана Нұржігіт.