Сәкен Майғазиевтің орындауындағы "Жүрегімнің ішіндегі жүрегім" әні жұрттың ыстық ықыласына бөленді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәкен Майғазиевтің орындауындағы "Жүрегімнің ішіндегі жүрегім" әні жұрттың ыстық ықыласына бөленді

Сәкен Майғазиевтің орындауындағы "Жүрегімнің ішіндегі жүрегім" әні жұрттың ыстық ықыласына бөленді

Жақында сазгер Айгүл Бажанованың ақын Жарас Сәрсектің сөзіне жазылған "Жүрегімнің ішіндегі жүрегім" әніне әдемі бейнебаян жарық көрді. Ал әнді Сәкен Майғазиев орындаған.

  • 8 Қыркүйек 2017
  • 5574
Фото - Caravan.kz

Осы жаңалық туралы сүйінші хабарды Айгүл Бажанова өзінің Фейсбуктегі парақшасына жариялаған болатын, деп хабарлайды Caravan.kz.

Желі қолданушылары мұның нағыз "құлақтан кіріп, бойды алар" ән екенін айтып жатыр.

Біз де бұл хас өнерді бағалай алатын талғамшыл тыңдармандарға арналған туынды деп білеміз. Сондықтан ән мәтінін жұртшылықтың назарына ұсынуды жөн көрдік.

Сəкен Майғазиев — Жүрегімнің ішіндегі жүрегім [Тұсаукесер]

Posted by Батыржан Ибрагимов on Sunday, September 3, 2017

Жүрегімнің ішіндегі жүрегім

Орындайтын: Сәкен Майғазиев
Әнін жазған: Айгүл Бажанова
Сөзін жазған: Жарас Сәрсек
Қысылсам да түсіне алмай жырымды,


Түсіруге еш хақым жоқ құныңды.
Айтады екем саған ғана, саған ғана сырымды
Саған ғана шағады екем, шағады екем мұңымды
Қайырмасы:
Менсіз сен де көңілсізсің білемін,
Мен дегенім сен тудырған жыр едің.
Сен аман бол, сен аман бол, аман бол,
Жүрегімнің ішіндегі жүрегім.
Сен аман бол, сен аман бол, аман бол,
Жүрегімнің ішіндегі жүрегім.
Сен алдымнан шықсаң ылғи күлімдеп,
Демек, менде еш себеп жоқ түңілмек.
Сенен сұлу қыз жоқ еді, қыз жоқ еді бір кезде,
Сенен сұлу ханым да жоқ, ханым да жоқ бүгінде.
Қайырмасы:
Менсіз сен де көңілсізсің білемін,
Мен дегенім сен тудырған жыр едің.
Сен аман бол, сен аман бол, аман бол,
Жүрегімнің ішіндегі жүрегім.
Сен аман бол, сен аман бол, аман бол,
Жүрегімнің ішіндегі жүрегім.