Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігінде үсік жүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігінде үсік жүреді

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігінде үсік жүреді

Қазгидомет 12-14 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 11 Қыркүйек 2017
  • 194
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның солтүстік бөлігінде жаңбыр әкелген ауа ағымы, Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ауысады.

Оның орнына Оңтүстік Орал аудандарынан антициклон жылжып келеді, жауын-шашын және күн суыту тоқтатылады. Бірақ жақын тәуліктерде солтүстік облыстарда суық жаңбыр жауып, ол дымқыл қарға ұласуы мүмкін.

12-13 қыркүйекте ауа ағындардың өтуімен республиканың орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр жауады. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында 0…3 градусқа дейін қатқақ күтіледі.