Құрбанәлі қажының табынушылары ишанды Меккеден аяғын жерге тигізбей қарсы алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрбанәлі қажының табынушылары ишанды Меккеден аяғын жерге тигізбей қарсы алды

Құрбанәлі қажының табынушылары ишанды Меккеден аяғын жерге тигізбей қарсы алды

Құрбанәлі қажыны астына ақ мата төсеп,  өзін ақ кілемге салып қарсы алған. 

  • 12 Қыркүйек 2017
  • 4821
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Құрбанәлі қажының бейнекөрінісі WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы кең тарап жатыр. Видеода оған табынушылардың әлі де көп екені байқалады. Көпшілігі Ахмед Ишанның денесіне алақан тигізіп қалуға тырысып бағуда. Аталған көріністе қарсы алып жатқан қазақтардың қажылыққа барған еліміздің азаматтары екенін байқауға болады. Әлеуметтік желі қолданушыларының жазуынша оқиға Шымкент өңірінде болған. 

Ал көпшілік әлі де ұмыта алмай табынып жүрген Құрбанәлі қажы кім?

Құрбанәлі Ахмет қажы сопылардың ішіндегі адасқандардың бірі ретінде есте қалды. Бір кездері, әсіресе қасиеттті құранның сөздерін бұрмалағаны дінтанушылар тарапынан наразыллыққа ұшырады.

Жалпы Құрбанәлі Ишан нақшбандия тариқатының Орта Азия мен Қазақстандағы өкілі санатында.


Ол Ташкентте дүниеге келген, ұлты өзбек. Кеңес Одағы ыдыраған тұста өзінің діни ұстанымын еліміздің Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстары және  батыс өңірлерде жүргізе бастады. Рәтбек қажының тұсында оның бірқатар жұмыстарына тиым салынды. 1998 жылы ҰҚК қызметкерлері Қызылорда облысында радикалды ағымдарының жолын кесіп, оның басы қасында Құрбанәлі ишан тұрғанын анықтайды. Осыдан кейін Құрбанәлі қажы Өзбекстанға қуылды.

Құрбанәлі Қоқанда өмір сүрген нақшбандия шейхі Ибрахим Маматқұловтың ізін жаластырушы.