Гүлнұр Оразымбетова мен Тамара Асардың тойға жиі шығатынын білеміз. Өз кезегінде ақын Айнұр Тұрсынбаева да соңғы кездері қыз ұзатып жүр. Ал Ләйлә Сұлтанқызының тәжірибесінде бұл алғашқы қыз ұзату тойы.
Бір қызығы, танымал тележүргізуші де тойдың қызығына кіріп кеткен ұқсайды. Ол болашақта да тойға шығуға кетәрі еместігін жеткізді.
“Жанның ойлап таппайтыны жоқ. Бүгін Айдана есімді ару қыздың ұзатуында “қызымызды алып шығу” рəсімін Айдың нұры, Асар Тамара, Секеңнің Гүлнұры төртеуміз өткіздік. Ұзатуын Тамара мен Гүлнұрға қалдырдық. Қызық болды. Айдана мəз, біз де мəз. Шақырамын десеңіздер барамыз. Несі бар, əн бар көйлек бар дегендей”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.