Бұл Абай ауданындағы жергілікті кәсіпкерлердің бірінің жерлестеріне жасаған тартуы. Мүсін таза қоладан құйылған. Ескерткіштің ашылу салтанатына жиналған қонақтар хакім Абайдың әкесі жайлы, оның қайраткерлік тұлғасы хақында сөз қозғады.
Бұл күні сонымен қатар «Дала данышпаны – Құнанбай» атты жаңа кітаптың тұсауы да кесілді. Сиясы кеппеген жинақтың авторы қаламгер Әсет Мырзақасым.