Министр даулы орыс тілі оқулығына қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр даулы орыс тілі оқулығына қатысты пікір білдірді

Министр даулы орыс тілі оқулығына қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқулықтарға қатысты айтылған сындарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан т

  • 22 Қыркүйек 2017
  • 274
Фото - Caravan.kz

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқулықтарға қатысты айтылған сындарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Орыс тілі оқулығы мен Петрушевскаяның ертегілеріне тоқталайын. Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары бұл туралы көп жазып жатыр.  Біріншіден, 9 айда сарапшылар, мұғалімдер, қызығушылық танытқан ата-аналардан 5 мың ұсыныс келіп түсті. Бірақ осы ертегілерге қатысты ешқандай ұсыныс болған жоқ", — деді Сағадиев сенатта өтіп жатқап парламаенттік тыңдау барысында. 

Оның айтуынша, бұл ертегі 2004 жылдан бері орыс тілі оқулығында жүр.

"Оқушы осы жаттығу бойынша 1,2 мыңнан астам тапсырмадан бар-жоғы 6 тапсырма ғана  алады. Үшіншіден, біз ресейлік сарапшылардан өте жоғары баға алдық. Шындығында екі орыс тілінің болуы мүмкін емес. Оның бірінде біз сөйлейміз, балаларымыз күнделік қолданады. Ал екіншісі – музей экспонаты сияқты. Екеуі де ұлы орыс тілі", — деді ол. 

Министр оқулықтардың мазмұнын жаңарту президенттің тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

"Біз баланы жан-жақты, тіпті ол сөйлейтін тіл туралы ойлауға да мәжбүрлейміз. Барлық уақытта бір нәрсеге көңілі толмай, наразы болатын адамдар болады. Өткен жылы да солай болған. Бірақ біз 18 миллион халықтың бір орында тұрып қалуына жол бермейміз. Өкінішке қарай, мұндай жайт білім беру саласында болды", — деп түйді сөзін Сағадиев. 


Еске сала кетсек, ата-аналар орыс тілі оқулығына қатысты сыни пікірлер білдірген болатын. Мысалы, жетінші сыныпқа арналған оқулықта "Кешкі Ургант" бағдарламасынан үзінді көру тапсырмасы бар. 

Сондай-ақ ресейлік қаламгер Людмила Петрушевскаяның Кукуся мен Бутявка туралы лингвистикалық ертегісіне қатысты тапсырмалар  мен "пиарить подкаст через соцсети", "лайкать", "ретвитнуть" секілді сөздері де кейбір қазақстандықтардың түсінбеушілігі мен наразылығын тудырған еді.