Семейде Әлихан Бөкейханға ескерткіш қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде Әлихан Бөкейханға ескерткіш қойылды

Семейде Әлихан Бөкейханға ескерткіш қойылды

Семейде "Алаш" қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханға арнап ескерткіш ашылды.

  • 22 Қыркүйек 2017
  • 265
Фото - Caravan.kz

Тас тұғырдың үстіне қойылған Әлихан Бөкейханның мүсіні Семейдің орталығындағы балалар саябағы мен Жеңіс саябағы арасына орнатылды.

Ресми мәлімет бойынша, биіктігі 1,8 метрлік тұғырға орнатылған, 3,5 метр болатын ескерткішке 32 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ескерткіш авторы — мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы мен Семей қаласының басшылары, қоғам қайраткерлері қатысты.