Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен Балауса Мұздиман өз әсерімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен Балауса Мұздиман өз әсерімен бөлісті

Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен Балауса Мұздиман өз әсерімен бөлісті

Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде Кэмри Максиді жеңген Балауса Мұздиман Qsport.kz порталына өз әсерімен бөлісті. АҚШ-тың Мон

  • 25 Қыркүйек 2017
  • 568
Фото - Caravan.kz

Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде Кэмри Максиді жеңген Балауса Мұздиман Qsport.kz порталына өз әсерімен бөлісті.

АҚШ-тың Монро қаласында өткізген жекпе-жегінде отандасымыз қарсыласын алғашқы раундта-ақ соққыларының астына алып, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. «Кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіме осылай жеткеніме өте қуаныштымын. Америкалық боксшы қызды өте мықты деп ойлағанмын, алайда бірінші раундта нокдаунға түскеннен кейін, қарсыласым жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты. Жекпе-жек Америкада болғандықтан, қарсыласым оңайлықпен беріледі деп ойламадым. Аллаға шүкір, Қазақ еліне әлі талай жеңістер сыйлаймын деп ойлаймын», – дейді Балауса.

Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионы Балауса Мұздиман жақында кәсіпқой боксқа ауысқанын хабарлаған болатын, бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіндегі жеңісі.